Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2019

Сабақ жоспары


Ағыбаева Бақыт Абузарқызы,

                     Шығыс қазақстан  облысы, Өскемен  қаласы,

                            «Оралхан Бөкей атындығы №44 лицейі»,  

                                       Бастауыш сынып мұғалімі

                                             Жоғары санат

                              Эл.адрес: : bakyt.agybaeva@mail.ru

                                     Ұялы  телефон: 87776904765


 

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты

1)Білімділік:Дала өсімдіктері мен жануарлары, ауа райы туралы кең көлемде мағлұмат беру          

2)Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау,  есте сақтау,  салыстыру таным белсенділігін арттыру.

3)Тәрбиелілігі:  Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Технология:БжС

Түрі: «Ауызша сабақ-1» картасы

Көрнекілігі:матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар,қарама қарсы сұрақтар, видео таспа,суреттер. Қазақстанның табиғи белдеулер зонасының картасы, дала өсімдіктері мен жануарлары энциклопедиясы.

Сабақтың  барысы:

1 - кезеңҰйымдастыру. Мақсатты айту
  Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
 2-кезең Тірек сөздер ТС
 3-кезең ҚҚ

4- кезең СТС
 5-кезең ТСҚ      

6- кезең Қорытынды     

Мұғалім: - Балалар кез келген істе табысты болу үшін , өз-өзіңе сену керексің.Сонда ғана табысқа жетесің!-Табысқа жету барлығымызға байланысты.

 Бүгінгі сапа көрсеткішіміз 63 пайыз,   яғни 17 бала 4 пен 5 баға алу керек

                                                  Жаңа сабақ:

     Қазақстан табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді,өйткені біздің еліміз ұлан ғайыр жерді алып жатыр. Кең байтақ жеріміз жер бедеріне қарай қалай жіктеледі?   (Ойпатты,төбелі,қыратты, жазық болып жіктеледі.)

Балалар жазық дегенде ойларына  не түседі? Жазық дегеніміз не?

Кей  жерлерде қыратта, тау да жоқ,төңірек айқын көрінеді,айнала теп-тегіс болады.мұндай жерлер жазықтар немесе жазық  дала дейді.

Иә, балалар, бүгін біз кең байтақ жеріміздің жазықтығындағы дала өсімдіктері мен жануарлары жайлы оқып танысамыз.

2– кезең    Бүгінгі сабақтың  тірек сөздері:

Дала      шалғын          бунақденелер      жусан

қазжуа   ақбөкен      бозторғай        егістік 

суыр                   індер 

Тірек сөздердің   мағынасын ашайық.Осы сөздерді   жаттауға 45 сек. уақыт беремін.(Ысқырық) Осы сөздерді  жазуға тағы 45 сек уақыт  беремін. (Ысқырық) 

Қаламды қоямыз,  дәптер алмастырамыз. –Кім 9-10 сөз жазды, қол көтереді.Нәтижені ООМ белгілеу.Норманы айту , белгілеу.Жазылмай қалған сөздерін жазады.                                                                                            

Жаңа сабақты 10 сынып оқушысы Алуа апайларың түсіндіреді.Слайд , гербарий көрсетіледі.(2 - 3 мин) 

-Бүгінгі  тақырыпқа байланысты  қосымша дайындалып келгендерің  бар ма? (Осы арада суыр, саршұнақ, борсық, тасбақа  туралы  айтады, салыстырады.  Ұқсастығы- кеміргіштер, ін  қазады,   терісі,  майы  пайдалы.

Айырмашылығы-  дене салмағында

Оқулықтың 104бетін ашып, мәтінді оқуға  1парағы 4 мин уақыт беріледі. Мәтінді түсініп,әрбір сөзіне көңіл қойып  оқу керек. (Ысқырық)  -

Қиылыс  сұрақтар:

  1.  Ормансыз жазық алқап (дала)
  2. Даланың қанша түрі бар? (бірнеше. ылғалды, қуаң, шөл)
  3. Қандай даланың сәнге де бөленетін көрікті кезі –көктем (қуаң)
  4. Несі көктемгі қар суымен ылғалданып , шөбі көкмайса болып, көз тартады (топырағы)
  5. Көктемде даланы нелер жауып кетеді? (сары гүлді қазжуалар,жауқазындар)
  6. Бұл өсімдіктердің сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталғанда не болады? (жуашықтар)
  7. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері не істейді? (қурап қалады)
  8. Ал жуашықтары не істейді? (топырақ арасындағы құрғақ қалпында да жаз, қыс бойы сақталып көктемде тағы да көктеп, гүлдейді
  9. Осы шырынды жуашықтарды қандай кеміргіштер  сүйсініп жейді? (тышқан, қосаяқ, саршұнақ)
  10. Қуаң даланың сартаң жерлерінде не өседі? (қаражусан)
  11. Ал бұталарынан нелер өседі? (көкпек пен теріскен)
  12. Далада көп өсетін өсімдіктерді ата  (боз, бетеге, жусан, қазжуа, ботагөз, мыңжапырақ)
  13. Қуаң далалар көбінесе не ретінде пайдаланылады? ( мал жайылымы)
  14. Анда – санда бұта түбінен ұшқан қандай құстардан басқа ештеңе көзге түспейді? (бозторғай, бүркіт)
  15. Ең алдымен , әр жердегі нелер көзге түседі? (төмпешіктер)
  16. Шағын төмпешік жанынан нелердің ауыздары көрінеді? (індердің)
  17. Бұл  індер –далада тіршілік ететін нелердің мекен –жайлары? (суырлардың)
  18. Әр ін жанында, оны қазған кезде шығарылған ненің төмпешігі деп аталатын топырақ үйінділері жатады? ( суыр төмпешігі)
  19. Оның көлденеңі қанша метр болады? (10-15)
  20. Ал биіктігі ше? (1метр)
  21. Борсық нелермен қоректенеді? (өсімдік тұқымдарымен, сабақтарының шырынды, жұмсақ бөліктерімен және бунақденелілермен қоректенеді?
  22. Бұлардан басқа қандай аңдар мекендейді? (дала тасбақасы, саршұнақ, тышқан, түлкі, қасқыр, қарсақ, ор қоян)
  23. Ақбөкен қалай жайылып жүреді? (үйір-үйір)
  24. Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы  жеткілікті шағын үлескілерді не деп атайды?  (көгал)
  25. Ал аумағы жағынан үлкендерін не дейді? (шалғын)

Сыни тұрғыдан сұрақтар:

  1. Дала –жазық  алқап +
  2. Шалғынды  даланың сәнге де бөленетін көрікті кезі –көктем  -  (қуаң,)
  3. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып , шөбі көкмайса болып, көз тартады +
  4. Көктемде даланы құстар, гүлдер, аралар  жауып кетеді- (сары гүлді қазжуалар,жауқазындар)
  5. Бұл өсімдіктердің сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталғанда гүлдер болады –(жуашықтар)
  6. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері  гүлдеп өседі, тамыры шығады-(қурапқалады)
  7.  Ал жуашықтары топырақ арасындағы құрғақ қалпында да жаз, қыс бойы сақталып көктемде тағы да көктеп, гүлдейді+
  8. Осы шырынды жуашықтарды бунақденелер, құстар сияқты кеміргіштер  сүйсініп жейді –(тышқан, қосаяқ, саршұнақ)
  9. Қуаң даланың сартаң жерлерінде қызғалдақ, раушан гүлі-(қаражусан)
  10. Ал бұталарынан көкпек пен теріскен  өседі+
  11.  Далада көп өсетін өсімдіктер боз, бетеге, жусан, қазжуа, ботагөз, мыңжапырақ+
  12.  Қуаң далалар көбінесе егістік дала  ретінде пайдаланылады –(малжайылымы)
  13. Анда – санда бұта түбінен ұшқан қарға, сауысқан , қырын  құстардан басқа ештеңе көзге түспейді  - (бозторғай, бүркіт)
  14. Ең алдымен , әр жердегі   таулар, қырлар  көзге түседі –(төмпешіктер)
  15. Шағын төмпешік жанынан індердің  ауыздары көрінеді+
  16. Бұл  індер –далада тіршілік ететін тасбақалардың, борсықтың   мекен –жайлары- (суырлардың)
  17. Ауаның 50 пайызы оттегінің үлесінде (21) -
  18. Өсімдіктер ауаны оттегіне байытады +
  19. Ауа райының жай-күйін орманды  жерде бақылап отырады (метеорологиялық станцияларда) -
  20. Ауаны тазартудың   ең тиімді  жолын  көгалдандыру +
  21. Ақбөкен жалғыз екі-екіден   жайылып жүреді ( үйір –үйір)
  22. Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы  жеткілікті шағын үлескілерді көгал деп атайды+
  23. Бунақденелілер көбіне шалғынды жерлерде  кездеседі+

      24.Уқорғасын, сарғалдақ пайдалы өсімдіктер-(улы өсімдіктер)

5– кезең  Эссе жазу.«Дала ». (норматив -44 сөз)5 мин уақыт беріледі.(Ысқырық)    Дәптер алмастыру, санау.-Кім 44сөзден артық жазды ООМ белгілеу.  Көп жазған оқушының жазған эссесін оқыту. 

6– кезең   Қорытынды.    Дәрілік өсімдіктер туралы айту. Энциклопедиядан оқып беру.

Шүйіншөп ,(Шүйгіншөп) Valerіan –көп жылдық шөптесін  Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі.  жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамыр сабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, ,хош иісті. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде  пайдаланады, тамырынан сірке қышқылдары алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы бұзылған да тыныштандыру үшін қолданылады. 

Жанаргүл – Сарғалдақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның шалғында, далалық және таулы жерлерде өсетін 8 түрі бар.
 Ең көп тарағаны – 
Көктем жанаргүлі биіктігі 10 – 40 сантиметр 3 – 4 сабағы болады, бұтақтары аз. Жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі сабағының ұшында жетіледі.

Тұқымынан және тамырсабағы арқылы да көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – тұқымша. Көктем Жанаргүлі – дәрілік өсімдік, одан алынатын «   Адонизид   препараты және сұйық тұнбасы жүрек ауырғанда, сондай-ақ тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады.  Гүлі (жылтыр, сары түсті) әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. 

Қызықты  видео  Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты.Егер өсімдіктер өспесе, бүкіл жанды тіршілікке қауіп төнеді?.

Даланың экологиялық проблемалары:

Жануарларды заңсыз аулау

Жерді шамадан тыс жырту.

Шөптің мал тұяғымен тапталуы

Өрт

Бағалау : 4-5 белгі -5

                3 белгі-4

                2-белгі-3

Қорытынды    Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ та не үйрендің?

-Не қызықты болды?

Үйге  тапсырма :

 «5» алғандар: Далада қандай жануарларды тіршілік әрекеті үстінде көрдің? Көргеніңді қысқаша айтып бер.

«4» алғандар:Дала сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

«3» алғандар :оқулықтың 62-64 бетін  оқып,мазмұндап келу


Сабақ кезеңдері:


                  4 сынып  дүниетану сабағы

Похожие публикации:

14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
03 январь 2019 Сабақ жоспары
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив