Сабақ жоспары

Далаева Назым Турсынгожакызы,
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ,
Бастауыш сынып мұғалімі,
2-санат
эл.адрес: dalaeva.nazym@mail.ru
ұялы телефон нөмері:877873610787Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні: 12.02.2018 ж. Сынып:1 «Г» | Лицей: Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі Мұғалімнің аты-жөні: Далаева Назым Тұрысынғожақызы Қатысқандар саны:25 Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ тақырыбы: | Ю дыбысы мен әріпі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ю қосарлы дыбыс) және дұрыс оқу 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша қойылған сұраққа толық жауап беру |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Ю дыбысы мен әрпін таниды, ажыратады, сәйкестендіреді. Көптеген оқушылар: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды және қойылған сұрақтарға жауап береді, сипаттайды. Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша өз ойларын айта алады |
Бағалау критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Қарым-қатынас жасайды. |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану |
АКТ қолдану дағдылары | |
Бастапқы білім | Оқушылар тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады. Берілген тақырыптың негізгі ойын анықтайды |
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы 16 минут | Таныстырылым: 1 .Психологиялық ахуал орнату Мектебім, менің тамаша! Білім, аламыз таласа! Тыным таппай ізденіп, Оқимыз, біз жаңаша! -Жарайсыңдар, балалар отыра қойыңдар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ! Сондықтан сабаққа белсене қатысайық! Өзіміздің тәртіпті де үлгілі екенімізді көрсетейік! Сендерге сәттілік тілеймін! -(ТЖ) Барлығымыз тақтадағы сөздерге назар аударайық! Мұқият бұл сөздерді жарты дауыспен оқып, естеріңде сақтаңдар! (Сандық, сырмақ, тақия, шапан, торсық, білезік, кесе, сәукеле, мәсі, ту) -Қазір бұл сөздерді мен алып тастаймын! Сендер естеріңде қалған сөздерді топпен жазасыңдар! -Қай топ канша сөз жазыпты? -Жарайсыңдар, балалар олай болса үш шапалақ! -Балалар, бұл жазылған заттардың барлығында не болады? -Ою -Ою не үшін қажет? -Сәндеу үшін т.б -Оюды қайдан кездестіресіңдер? -Сырмақтың ортасынан т.б -Үйде қай жерден кездестірдіңдер? -Сандықтан т.б -Мектепте қай жерде кездестірдіңдер? - Көрмеден. -Дұрыс айтасыңдар балалар, бізде бастауыш сыныптар арасында рухани жаңғыру апталығы болып жатыр! Сол жерге көрме ұйымдастырылған. Бұл заттардың барлығын да сол жерлерден көруге болады. -Жарайсыңдар! -Оюдың түрлерін білесіңдер ме? -Қошқармүйіз, сынықмүйіз, балта ою т.б -Тамаша! Олай болса, бәріміз ою деп айтып көрейікші. Бізге таныс емес қай әріп? -ю Қалай естіледі? -Оқушылар: й+у дыбыстары естіледі. -Жақсы. -Ю дыбысы айтылғанда екі дыбыс естіледі, жазғанда бір ғана әріппен таңбаланады. -Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен Ю дыбысымен танысамыз. Қазақ тілінде Ю дыбысынан басталатын сөздер жоқ. Ю дыбысы көбінесе сөздердіңсоңында кездеседі. №2 Оқылым: (ҰЖ) -Барлығымыз ю әріпі кездесетін сөздерді оқып жіберейік Аю, ою, қою, қию, құю, түю, есею, үлкею, азаю, көбею -Оқушыларға хормен оқыту -Таныс емес сөздерді түсіндіру Қою дегенімізге мысал келтіру /сүт пен айран/, құю-құйып көрсету, түю-келіні түюіп көрсету -(ӨЖ) Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрап жіберейік! «Сөз ойла, тез ойла!» (ӨЖ) ойынын ойнату. Бұл сөздерден басқа тағы қандай сөздер білесіңдер? -Аю туралы бейнефильм Мәтінмен жұмыс: (ҰЖ) «Жеңімпаз аю»
Сергіту сәті: Аю сияқты қорбаңдап жүру Ормандағы аюдың Жазылым: (ӨЖ) -ю әріпін тақтаға жазып көрсету -ю әріпін ауада жазамыз -Отыру ережесін ескеру: Сауаттылық әліппесі: Аю десем үш дыбыс, Ою десем үш дыбыс, Естіледі құлаққа, Екі-ақ әріп жазылар, Жазған кезде бірақ-та, Аю, ою болар ұмытпа! -Дәптерге жазамыз Қалыптастырушы бағалау Семантикалық карта
(ЖЖ) Тапсырманы жұпта тексеремін 5 бал - Керемет! 4 бал-Жақсы! 3 бал-Талпын! Рефлексия Бүгінгі сабаққа қатысуыңды ою арқылы бағалау. Жасыл түс алғандар-Керемет! Сары түс алғандар-Жарайсың! Қызыл түс алғандар-Талпын! | Ою Сырмақ, сандық торсық Слайд арқылы оюдың түрлерін көрсету Электронды оқулық Сүт, айран, келі, келсап Бейнефильм Ю әріпінің жазылуы бейнефильм Дәптер Үлестірме парақтар ![]() | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Семантикалық картаны толтырады. | Топта үш шапалақ арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағаны балдық жүйе бойынша бағаланады Қорытынды баға: ою түстері арқылы бағаланады | Партада дұрыс отыру Оқушы ережесі | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |