Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2019

Сабақ жоспары


Жаныбекова Гулназ Бакытовна

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»

 Бастауыш сынып мұғалімі

 І  санатты

 Эл. адрес: Gulnaz.1973@ inbox.ru

 Ұялы телефон нөмері: 87779861126


Бөлімі: Аудан. Шамалар

№54 сабақ. 

Тақырыбы: 

Дөңгелек. Шеңбер 

Мектеп:  Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: 

Жаныбекова Гулназ Бакытовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны: 29

Қатыспаған оқушылар: 29

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/ және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

Сабақтың 

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.
Оқушылардың көпшілігі:
  • циркульдің көмегімен шеңбер салу.
Оқушылардың кейбірі:
  • шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

-шеңбер, дөңгелекпен олардың элементтерін ажырата және атай алады;

-циркульдің көмегімен шеңбер сала алады;

-шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіне  алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шеңбер, радиус, диаметр, шеңбердің центрі

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.

Шеңбердің центрі деген не? 

Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?

Диаметрі белгілі болса ше?

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнероликтер көрсету

Алдыңғы меңгерілген білім

Фигураларды ажырата алады.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар 


Сабақтың басы


Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері. 

Пішіндер әнін тыңдау қайталап айту

(Ұ.Ж) Фигуралар әлеміне саяхат.

Сынып оқушыларына суреттен қандай фигураларды көріп тұрғанын сұрау. Неше тіктөртбұрыш, неше үшбұрыш көріп тұрғандарын сұрау.(4 төктөртбұрыш, 4 үшбұрыш)  Тіктөртбұрыш пен үшбұрыштың қасиеттерін сұрау.

 

Сонан соң суретте қандай фигура аталмағанын сұрау. (дөңгелек) 

Үшбұрыш пен тіктөртбұрыштан дөңгелектің айырмашылығын сұрау.( үшбұрыш пен тіктөртбұрыш – көпбұрыштар, дөңгелектің бұрышы жоқ)

Оқушыларды сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

                    

Слайд №2






Слайд №3
















































Сабақтың ортасы








(Т.Ж)  Цифрограмма әдісі бойынша әрбір екінші әріпті сызып тастап, жасырылған сөзді табады. (дөңгелек, шеңбер)

Сонымен бүгінгі     не туралы оқып – үйренеміз екен?

Дөңгелек пен шеңбер туралы не білетіндерін сұрау. Күнделікті өмірде дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттарды қайда кездестіргенін сұрау.

Қатармен жарыс допты лақтыру арқылы

3 қатар оқушылары бақылаушы, 1 қатар шеңберге ұқсас, 2 қатар дөңгелекке ұқсас заттарды атайды

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

Тірек сөздермен таныстыру: 

Шеңбер

Дөңгелек

Радиус (r - р)

Центрі

Диаметрі (d - д)

(Ж.Ж) Жаңаны тану. 

Мақсат қою /Ережені түсіндіру

Шеңбер-бұл дөңгелектің шегарасы. Шеңбердің центрі-шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Шеңбердің радиусы-центрді  шеңбердің нүктесімен қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның нүктесін қосатын кесінді.


Әрбір жұпқа бір пластикалық стакан таратылады. Ақ парақ қағазға стаканның түбін бастыра сызу керек.

  • Қандай сызық шықты? (тұйықталған қисық сызық)

Осы     сызықтың шеңбер деп аталатынын хабарлау.

Оқушыларға осы сызған дөңгелекті қиып, сонан соң дөңгелекті төрт рет бүктеп, қайта жаздыру. Екі кесіндінің қиылысуы пайда болады. Олардың қиылысу нүктесін белгілеуді ұсыну. Бұл нүктені шеңбердің немесе дөңгелектің центрі деп атайтынын хабарлау.

Оқушыларға дөңгелектің бүгілген орнын қарындашпен бастыруды ұсыну. Шеңберден центрге дейін қашықтықты өлшеуді ұсыну. Не байқағанын сұрау. Оқушыларға центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесіндіні радиус деп атайтынын хабарлау. Оларға дөңгелектің бүгілген ізі бойынша шеңбердің бір нүктесімен центр арқылы екіншісіне қарай қарындашпен бастырып сызуды ұсыну. Бұл сызық диаметр деп аталатынын хабарлау. 

Отшашу арқылы бағалау.


(Т.Ж) "Бірге ойлаймыз!" әдісі арқылы     топтардан дөңгелек пен шеңбердің айырмашылығын сұрау. (дөңгелек – фигура, шеңбер – тұйықталған қисық сызық) 

- Шеңбердің дөңгелектен қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы)

- Егер тарелкаға су құйсақ, судың формасы қандай болады? (дөңгелек)

- Егер тарелканың жиегі болмаса, суға не болар еді? (су ағып кетер еді)

- Қалай ойлайсыңдар, шеңберсіз дөңгелек бола ма? (жоқ)

- Ал дөңгелексіз шеңбер ше? (иә)

Қорытынды: Шеңбер – бұл дөңгелектің шегарасы.

Топтарға дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттардың суретін бар карточка таратылып сәйкестендіру. 

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ө.Ж) Өлше де, жаз.

Оқушыларға радиусы 1 см, 2 см, 3 см шеңбер сызылған парақтар таратып беру. Олар алдымен шеңбердің  диаметрінің ұзындығын, сонан соң радиусының ұзындығын табады. Ең үлкен диаметр  мен ең кіші радиусты жазады. Сонымен қатар шеңбердің центрін белгілеп көрсетеді. Не байқағанын айтуды ұсыну, яғни диаметр радиустан екі есе ұзын екенін айтады және қорытынды шығарады. 

Қорытынды: шеңбердің диаметрі екі радиустың қосындысына тең.

Сергіту сәті. «Шеңбер әлде дөңгелек» ойыны. Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер көрсету. Суреттегі заттарды дөңгелек деп таныса, шапалақтайды, ал шеңбер деп таныса, саусақтарымен шеңбер жасап көрсетеді.Смайликтер арқылы бағалау.   

Өз бетімен жұмыс: ӨЖ

І нұсқа 32 бет №5 (а), №6 (3б), №7 (1б)

Ұйықтайды 1/3 тәу         1 тәу – 24 сағ

Ояу болады - ?                 24 : 3 · 1 =8

Ж:16 сағ ояу болады

                                           24 – 8 = 16

№6

689                  1000

309                 654

998                 346

№7

90 мин >  1 с         2 сағ = 120 мин           9 ай < 1 жыл

ІІ нұсқа 32 бет №5 (а), №6 (4б), №7 (2б)

Алды – ¼ - 8л                   8 · 4 :1 = 32

Болды- ?

Ж: 32 л су болған

№6

713                     546

237                  454

476                 1000

№7

1 жыл =  12 ай 2 сағ 15 мин<150 мин   50мин < 1 сағ

Есеп шартын жазады +/-

Есепке сұрақ қояды +/-

Санның бүтінін не бөлігін таба алады +/-

Өрнек мәнін     дұрыс есептейді +/-

Есеп жауабын есеп сұрағынан қарап жазады +/-

Үш таңбалы санды қосады+/-

Үш таңбалы санды азайтады+/-

Уақыт бірліктерін салыстырады +3,+2,+1,0


Бірін бірі тексеру


(Ж.Ж) "Тауып көр"

Оқушыларға жұпта     есеп шығаруды ұсыну. Диаметрі 6 см болатын шеңбер сызылған парақтар тарату. Есептің шарты бойынша киіз үйдің ішінде және сыртында тұрған баланы анықтап, нүктемен белгілеп көрсету керек. Сонан соң жауаптарын оқиды, салыстырады. Егер жауаптары сәйкес келмейтін жағдайда, қате шығарған оқушыдан өзінің шешу барысын түсіндіруді сұрау.

Басбармақ арқылы бағалау. 

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.



Киіз үйдің табаны дөңгелек екені белгілі. Киіз үйдің диаметрі 6 м. Айжан киіз үйдің табанының центрінен 2 м қашықтықта, Арман  4 м қашықтықта тұр. Кім киіз үйдің сыртында, кім киіз үйдің ішінде тұр?

Слайд №4

А4 форматтағы параққа  жазылған тапсырма, маркер



Слайд №5-8



















Пластикалық стакандар, А4 форматтағы парақтар, маркерлер, сызғыш






центрі

 



 
 

Радисы r

Диаметрі d

центрі









Слайд №9-10

Ватман, түрлі суреттері бар қима қағаздар, желім











Слайд №11-12

Түрлі өлшемді шеңбердің суреті салынған парақтар, фломастер, желім, қайшы, қауіпсіздік ережесі


Слайд №14

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырмалар, сызғыш, қалам


Оқулық

дәптер











Слайд №13

Интербелсенді тақта





Слайд №15




Слайд №16

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырма.









Сабақтың соңы



(Ө.Ж) Хаттарды мекенжайларына жеткіз.

Оқушылардың сабақты қалай ұққанын білу үшін, алдын ала дайындалған парақтар таратылады. Онда жазылған ұғым мен анықтамасын тиісінше сәйкестендірулері керек. 

Кері байланыс. Оқушылар осы сабақтағы алған білімдерін, сабақ соңындағы көңіл-күйлерін бас бармақ арқылы білдіреді.


Слайд №17-18




Слайд №19

Стикер, маркер

Похожие публикации:

14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
03 январь 2019 Сабақ жоспары
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив