17
октябрь
2024
Бүгін лицейіміздің 1-сынып оқушылары үшін ерекше күн. Олай деуіміздің өзіндік себебі бар. Бүлдіршіндеріміз бұл күнге ерекше дайындалды
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
. Өйткені олар бүгін лицей директорына қонаққа барды.
Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы 1-сынып оқушыларымен кездесіп, жұмыс бөлмесінде әңгіме жүргізді. Балалардың алғашқы минуттарда қобалжулары байқалып тұрғанмен, жарық әрі жайлы кабинетке кіргенде, жылы ниетпен қабылдаған жанды көргенде өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айта бастады. Әңгімеге басты арқау болған тақырыптар - білім мен тәрбие, қауіпсіздік пен тазалық, жетістікке жету мен айналаңа деген жақсы көзқарас. Жаңыл Қайырбекқызы аталған тақырыптар төңірегінде балалардың ойын тыңдады, оларды білімді болуға, ата-ананы тыңдауға, үлкенге құрмет көрсетуге шақырды. Сонымен қатар лицей жетістіктеріне де тоқталып, мектеп мақтанышына айналған оқушыларды да атап өтті. Кездесу соңында оқушыларға сәттілік тілей отыра, барлығына қалам сыйлады. Өз өмірлеріндегі маңызды күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында естелік суретке түсті.