28
март
2023
Наурыз мерекесін барлық салт-дәстүрді сақтай отыра атап өту үшін лицейімізде түрлі шаралар өтуде.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап, ынтымақ пен бірлікті арттыру мақсатын көздеген Наурыз мерекесін барлық салт-дәстүрді сақтай отыра атап өту үшін лицейімізде түрлі шаралар өтуде.
Өйткені бұл мерекенің түпкі негізі де ұлттық құндылықтарды ұлықтауда жатыр.
Солардың бір дәлелі ретінде лицей дәлізінде ұйымдастырылған көрмені атап көрсетуге болады.
Лицей ұжымы, ата-аналардың қолдауымен ұйымдастырылған бұл көрменің шәкірттерге берері мол.
Көрмеге ата-бабамыздың баспанасы болған, ұлттық нақыштағы заттармен жабдықталған киіз үй, ұлттық аспаптар, ұлттық ыдыс-аяқ, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, жеті қазына қойылған.
"Бұл көрменің басты мақсаттарының бірі шәкірттерімізді ұлттық тәрбиемен сусындату. Өзінің тарихын, қолөнерін, ұлттық құндылықтарын бағалай білуге үйрету" деді лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы "Алтай" телеарнасынан келген тілшілерге берген сұхбатында.
Шынында да, өз ұлттық салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық өнерімен сусындап өскен ұрпақ жаман болмас.
Мереке құтты болсын!