18
май
2023
«Өскемен тазалық» ЖШС басшысы Байгунусов Айдос Жомартханович шақырылды
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларына, атап айтар болсақ 9-11 сыныптарға «TEDx» форматында әртүрлі саладан жетістікке жеткен спикерлермен кездесу ұйымдастырылды. Осы жоспар негізінде лицейімізде «Жақсы адам-елдің көркі» атты шара өткізілді. Аталған шараға «Өскемен тазалық» ЖШС басшысы Байгунусов Айдос Жомартханович шақырылды. А.Ж.Байгунусов қаламыздың өркендеуіне үлес қосып, түрлі салада жетістікке жеткен тұлға. 9-11 сынып оқушылары қонағымызға өз ойларында жүрген көкейтесті сұрақтарын қойды. А.Ж.Байгунусов оқушыларымызға жетістікке жету жолдарын, адал жолмен еңбектенуді, адам бойындағы адамгершілік қасиет туралы, ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғады. Қазіргі уақыттағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойылып, жемқорлықпен күрес туралы әңгіме жүргізілді. Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз керектігі айтылды. Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өте ерекше әсер алды. Шара соңында лицей директоры Ж.Қ.Назарбаева қонағымызға жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.
Оқу ісінің меңгерушісі: Н.А.Садыкова
Сынып жетекшілердің кафедра жетекшісі: Мухажанова М.А.