Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-ақпан күні лицейімізге бар ғұмырын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арнаған ардагерлермен “Ардагерлерге мың тағзым!” тақырыбында 9,10,11-
09
февраль
2023

8-ақпан күні лицейімізге бар ғұмырын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арнаған ардагерлермен “Ардагерлерге мың тағзым!” тақырыбында 9,10,11-

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
8-ақпан күні лицейімізге бар ғұмырын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арнаған ардагерлермен “Ардагерлерге мың тағзым!” тақырыбында 9,10,11-сынып ұлдарына рухани, ғибраты мол кеш өтті. Сөз басында лицейіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі: Құралай Әділбекқызы құттықтау сөз сөйледі. Кездесуге зейнеттегі ардагерлер: Атаев Жанәділ Абраманұлы, Телебаев Мұратқажы Сұлтанғазыұлы, Қасымов Еркін Мұратқанұлы қонаққа келді.
Бұл кездесудің басты мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке, батырлыққа тәрбиелеу. Ардагерлер өздерінің оқиғаларымен, мағыналы әңгімелерімен оқушыларды қызықтырып, өмірбаяндары мен еңбек еткен жылдар, соғыстан кейінгі кезеңдер туралы, әскердегі естеліктерден сыр шертті. Оқушылар сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.
Кездесу барысында Қасымов Еркін Мұратқанұлы лицей директорына алғыс хат табыстап, “Жаныңда жүр жақсы адам”, «Зайсанның жайсаң балуандары» атты сиясы кеппеген кітапты сыйға тартты.
Рухани, тағылымы мол кездесу соңында лицей әкімшілігі ардагерлерге рақмет айтып, алғыс хатпен марапаттады. Лицей оқушыларының бойында ұлтқа деген құрметті дамыту және елге деген құрметті арттыруға үлестерін қосып, лицейімізге қонаққа келген ардагерлерге алғыс білдіреміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив