18
апрель
2023
Л.Қ Төлегеновамен “Бала бүгіні және ертеңі” тақырыбында 9-11 сынып қыздарына арналған кездесу өткізілді

“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ
2023 жыл сәуір айының 14-і күні лицейде Жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы, жалпы тәжірибе дәрігері Л.Қ Төлегеновамен “Бала бүгіні және ертеңі” тақырыбында 9-11 сынып қыздарына арналған кездесу өткізілді. Бұл кездесудің басты мақсаты: қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе болып жүрген жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Ләйлә Қайратқызы оқушы қыздарымызға ерте жүктіліктің денсаулыққа , болашаққа зияны, кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. “Тәрбие тал бесіктен басталады”,-демекші жасөспірім қыздар арасында бұл мәселені көтеру өте орынды.
Лицейге келіп, оқушы қыздарды ақпараттармен таныстырған Л.Қ. Төлегеноваға алғыс білдіреміз!