13
апрель
2023
7-11 сынып оқушыларына КТІБ УЛИ лейтенант Асем Сейілханмен кездесу ұйымдастырылды.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын іс-әрекет.
12.04.2023ж күні лицейімізде аталған мәселенің алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларына КТІБ УЛИ лейтенант Асем Сейілханмен кездесу ұйымдастырылды. Асем Сейілхан оқушыларға “Қылмыс және жеткіншек” тақырыбында құқықтық сабақ өтті. Өткізілген сабақтың мақсаты: қазіргі таңда кең етек жайған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, оқушыларға оның зияны туралы ақпараттар беріп, қылмыс жасаған жағдайда қандай заң күтіп тұрғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оқушылар қажетті ақпараттар алып, ауқымды тақырыпты саналарына сіңдіре алды деген ойдамыз.
Посмотреть онлайн файл: zd-zhne-zgelerd-ora-1-1.pdf