Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 06 сәуір күні бекітілген жоспарға сәйкес 9,10,11 сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілді.
07
апрель
2023

06 сәуір күні бекітілген жоспарға сәйкес 9,10,11 сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілді.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2022 жылдың 06 сәуір күні бекітілген жоспарға сәйкес 9,10,11 сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілді.
Жиналысқа арнайы қонақтар шақырылды. Бүгінгі күні жасөспірімдер арасында өзекті болған тақырыптар төңірегінде мәселелер қозғалып, талқыланды. Солжағалау полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор Кешеубаев Ерасыл Төлегенұлы «Қауіпсіз жол» акциясы, «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық»; Жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы, жалпы тәжірбие дәрігері Төлегенова Ләйлім Қайратқызы – «Бала бүгіні мен ертеңі»; Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушысы психолог Толеуханова Айгул Далелхановна – «Суицид қаупінің алдын алу және психологиялық денсаулықты нығайту» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жасалынып, ата-аналар тарапынан сұрақтарға жауап берілді. Және де әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында топтасқан ұйымдардың («ЖӘК Редан», «Колумбайн» т.б.) жылдамдықпен таралып жатқандығы, бала қауіпсіздігіне абай болуымыз керектігі айтылды.
Лицей әкімшілігі та-аналарға баланың сабақтан тыс және демалыс күндері, ғаламтор желісінде ұзақ отыруға шектеу қою және әртүрлі пайдаланатын сайттарды қадағалау, баланың араласатын ортасы жайлы ақпараттарды біліп отыру керектігі жайлы кеңестерін берді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив