10
февраль
2023
08.02.2023 жылы лицейішілік "Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі" атты жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиналыста 2023-2024 оқу жылын
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
08.02.2023 жылы лицейішілік "Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі" атты жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиналыста 2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасының өзгерістері айтылды. Әрбір сыныптың 2-тоқсандағы білім сапасының қорытындысы көрсетілді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын-алу мақсатында полиция қызметкерлері шақырылды. Атап айтар болсақ, 6-"А" сыныбына Кожасейтов Еркін Ришатович, 6-"Б" сыныбына Жаныбеков Ермек Жаныбекулы, 6-"В" сыныбына Казакпаев Думан Серкалиевич, 6-"Г" сыныбына Раджан Базарбекұлы келіп, жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылық жайында баяндады. Сынып жетекшілер жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг жайында сөз қозғады. Ата-аналарға жеткіншек жастағы балалардың арасындағы әлімжеттікке жол бермеу, балаларды үнемі назарда ұстау туралы айтып өтті.
6-сынып жетекшілері:
Қалиолла Г.
Думанқызы Н.
Өмірбекова А.Қ.
Князбаева М.Б.