Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семей медицина университетінің студенттері, лицей түлектері Қанағатов Аңсаған және Аскаров Амирлан келіп, 11-сынып оқушыларына ақпарат берді.
29
март
2023

Семей медицина университетінің студенттері, лицей түлектері Қанағатов Аңсаған және Аскаров Амирлан келіп, 11-сынып оқушыларына ақпарат берді.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Лицейімізге кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында қазіргі уақытта Семей медицина университетінің студенттері, лицей түлектері Қанағатов Аңсаған Серікұлы және Аскаров Амирлан Болатович келіп,11-сынып оқушыларына университет туралы ақпараттар берді. Университет туралы ақпараттар бермей тұрып, туберкулез ауруы туралы, оның белгілері жайлы мәліметтермен таныстырды. Студенттер медицинада оқудың қиыншылықтары , дәрігер болу аса бір жауапты мамандық екені туралы айтты. Медицина университетіндегі бакалавриаттың білім беру бағдарламалары: Мейірбике ісі, фармацевт, жалпы медицина, педиатрия, тіс дәрігері, қоғамдық денсаулық. Одан кейін интернатура – резидентура – магистратура – докторантура арқылы білімдерін жалғастырады.
Студенттер 11-сынып оқушыларына жақсы балл алу үшін бәрі өз қолдарында екенін, ҰБТ алдында уайымға салынбауды, өздеріне сенімді болу керектігін айтып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Медицина саласын таңдаған оқушыларымыз қажетті ақпараттар алды деген ойдамыз.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова.Н.А
Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив