07
февраль
2023
Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу аясында лицейімізге Түркістан облысындағы “Халықаралық туризм және меймандостық университетінен” кәсіптік бағдар
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу аясында лицейімізге Түркістан облысындағы “Халықаралық туризм және меймандостық университетінен” кәсіптік бағдар берушілер келіп, 11-сыныптарға кездесу өткізді. Бұл университетте 800 грант және оқуға шекті балл 50-ден басталады. ЖОО коды:523. Білім беру бағдарламалары: 1) “Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру” 2) “Халықаралық және ішкі туризм”
3) “Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру”
4) “Туристік дестинациялар менеджменті”
5) “Спорттық-сауықтыру фитнесі.
Осы университетте оқып, жақсы көзге түскен студенттер еліміздің өңірлеріне және Түркия елдерінде 5 ай практикадан өте алады. Ол жерлерде студенттер практикадан өткені үшін де қаражат төленіп,өзінің еңбек жолын бастай алады. Ел өңіріндегі студенттер 250.000 теңге жалақы алса, Түркиядағы студенттер 500$ жалақы алады. “Халықаралық туризм және меймандостық университетінің” артықшылығы өте көп. Білім алып шыққан студенттер жұмысқа да оңай орналасып, бизнес саласын да жүргізіп кетуге үлкен мүмкіндік бар. Бүгінгі кездесу оқушыларға қызықты болды деген сенімдеміз.
Лицейімізге келіп кәсіптік бағыт-бағдар жүргізушілерге алғыс білдіреміз!
Директтрдың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағыт бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы :Маратбекова Ж.М