17
январь
2023
2020 жылғы лицей түлегі, ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған, Қалибекқызы Тоғжан келіп, 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
11 қаңтар күні біздің мақтанышымыз, 2020 жылғы лицей түлегі, ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған, қазіргі таңда Сүлеймен Демирель атындағы университет студенті - Қалибекқызы Тоғжан келіп, 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Тоғжан оқушыларға SDU туралы ақпараттармен бөлісіп,SDU-дың жалпы мүмкіндіктері жайлы айтты. Университетте 3 қабатты кітапхана, 46000 м2 оқу корпусы, 66000 м2 жабық ғимарат, 2 асхана, буфет, кофейня, спорт зал т.б бар. Ондағы студенттер үйі университеттің қасында орналасқан. Сондай-ақ іші өте жайлы, әрі сапалы. Бірінші курс студенттері барлығы жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқушылар слайдта көрсетілген QR код арқылы университет сайтына кіріп, сауалнамадан өтті.
Университеттің білім грантын ұтуға және ақылы оқуға жеңілдік алу үшін SDU жыл сайын SPT атты олимпиада ұйымдастырады. Биылғы олимпиада 04.03.2023 жылы өтеді.
SDU мамандықтары:
Математика-Физика (ғылыми математика, педагогикалық математика, физика-информатика мамандықтары)
Математика-География (қаржы, экономика, есеп және аудит, менеджмент, диджитал маркетинг)
Химия-Биология (химия-биология)
Ағылшын тілі-Тарих (халықаралық қатынастары, шетел тілі, аударма ісі)
Құқық-Тарих (құқық, халықаралық құқық, мемлекеттік басқару құқығы)
Биология-География (педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту,бастауышта оқыту педагогикасы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану)
Тарих-География (тарих) Математика-Информатика (ақпараттық жүйелер, компьютерлік ғылымдар, математикалық және компьютерлік модельдеу)
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М
Қалибекқызы Тоғжанның сынып жетекшісі: Мухажанова М.А