01
март
2023
Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дан мамандар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
28 ақпан күні 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дан мамандар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға университеттегі “Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы” бойынша мамандықтар таныстырылды. Бұл кафедрадағы білім беру бағдарламалары : 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01101 – Педагогика және психология мамандықтары оқытылады. Аталған мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие. Себебі, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, мектепке дейінгі оқыту ешқашан жоғалмайтын мамандықтар қатарында.
Университет және ондағы білім беру бағдарламалары қызықтырса , 7(7232)540-417 немесе www.vku.edu.kz сайтқа кіріп, толық ақпарат ала аласыздар.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М.