09
февраль
2023
07.02.2023 жылы 9,10,11-сынып ата-аналарына лицейішілік ата-аналар жиналысы болды. Осы жиналысты тиімді пайдаланып кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын ұйым
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ
07.02.2023 жылы 9,10,11-сынып ата-аналарына лицейішілік ата-аналар жиналысы болды. Осы жиналысты тиімді пайдаланып кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын ұйымдастырдық. Жиналысқа кәсіптік жұмысты, 9-сынып ата-аналарына колледждер, ондағы мамандықтар, гранттар жөнінде ақпарат беру мақсатында колледж оқытушылары шақырылды. Серікбаев атындағы жоғары ІТ колледжі маманы – Ақжан Жұмаханқызы, Аманжолов атындағы жоғары колледж маманы – Асем Байжуманова, КАСУ колледжі маманы – Айгерім Санақбекқызы, Абай атындағы гуманитарлық колледжі мамандары - Келисбекова Бота Толегеновна және Ильясова Жания Каримовна келді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Нуржамал Ануарбековна, кәсіптік бағыт-бағдар беруші Маратбекова Жұлдызай Маратбековна және педагог-психолог Крыкбаева Марал Айдосовна 9-сынып ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нуржамал Ануарбековна алдағы келе жатқан емтихан қалай өтеді, қандай пәндер басты назарға алынады, 10-сыныпқа қабылдану туралы ата-аналарға толық әрі нақты ақпараттар берді.
Бүгінгі кәсіптік бағдар мақсатында ұйымдастырылған іс-шара сіздерге көп ақпарат берді деген сенімдеміз.
Лицейге келіп, ата-аналарға колледж жөнінде ақпараттар берген мамандарға алғыс білдіреміз!
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М