06
декабрь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым!» атты мәнерлеп өлең оқу байқауы өтті. Байқау жас ерекшелігіне сай бағаланып, қатысушылар лицей директорының атынан мақтау қағаздары мен алғыс хаттарға ие болды. Лицейіміздің дарынды да, өнерлі оқушыларын бағалау оңайға соқпады, мәнерлеп оқу шеберлігімен бір-бірінен асып түскен оқушыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде болды. Көрермендер қошеметіне ие болған оқушыларымыздың биік белестерден әлі де көрінетіне сенімдіміз!