20
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті
16 сәуір күні Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат беру, өлең мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға баулу. Өз ойын жинақтап айтуға баулу.
Мұқағали жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларын постер жасап қорғап, өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Оқушылар аталған іс-шараға жоғары деңгейде дайындықпен келген. Белсенді қатысқандары үшін сынып кітапханаларына лицей кітапханасы атынан кітаптар тарту етілді.