09
декабрь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2021 жылдың 08 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Тәуелсіздік туы астында» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-конференцияның басты мақсаты – бүгінгі мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан талқылау, ақпарат алмасу болып табылды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Құралай Әділбекқызы, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Мадина Адиханқызы, 6 «Б» сыныбының оқушысы Құдайбергенова Гауһар баяндамаларын оқып, қалалық білім беру басшысының мақтау, алғыс қағаздарымен марапатталды.