Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Абай – ұлы даланың ойшылы» атты лицейдің 1- 11 сынып ата-аналары қатысқан шығармашылық байқау өткізілді.
18
февраль
2020

«Абай – ұлы даланың ойшылы» атты лицейдің 1- 11 сынып ата-аналары қатысқан шығармашылық байқау өткізілді.

2020 жылдың 8 ақпанында «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-да Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – ұлы даланың ойшылы» атты лицейдің 1- 11 сынып ата-аналары қатысқан шығармашылық байқау өткізілді.
Шығармашылық байқаудың мақсаты– Абай шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, отбасының мәртебесін және рөлін арттыру; Ата-ана, оқушы, ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Ата-аналар арасында Абай өлеңдерін мен аудармаларын, әндерін, қарасөздері мен поэмаларын насихаттай отырып, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен сусындандыру; Ата-аналардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, сезімталдық мәдениетін дамыту; Адамзаттың Абайына айналған Абай шығармалары арқылы адам бойындағы рухани құндылықтарды байыту.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
I кезең.« Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» - Абай шығармаларын (өлеңдері, аудармалары, қарасөздері, поэмаларынан өз таңдаулары бойынша) жатқа оқу байқауы.
ІІ кезең «Әнді сүйсең, менше сүй»- Абай әндерін орындаудан сайыс.
IIІ кезең. «Өнерге әркімнің де бар таласы» - М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-көрініс.
Үміткерлердің өнерін бағалау үшін әділ шешімін айтатын қазылар алқасына сазгер, күйші Жүнісов Уатхан , Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология кафедрасының мамандары Алтаева Ақмарал Асхатқызы, Әділбекова Құралай Әділбекқызы шақырылды.
1-4, 5-8, 9-11 сынып ата-аналарының өнерлері бөлек бағаланды.
Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар өз өнерлерін асқан жауапкершілікпен көрсетті. Әуелетіп шырқалған әндерден де, Абай шығармаларын оқудан да, сахналанған көрініс көрсетуден де ата-аналар алдарына жан салмады. Сайыс болғаннан соң жеңу бар да жеңілу болары хақ. Қазылар алқасының шешімі бойынша ата-аналар арасында шығармашылық байқаудың нәтижесі төмендегідей болды:

1-4- сынып ата- аналар аралығында
Бас жүлде - 4- сынып
І орын- 2- сыныптар
ІІ орын-3- сыныптар
ІІІ орын-1- сыныптар
5-8- сынып ата- аналар аралығында
Бас жүлде-5- сыныптар
І орын-7- сыныптар
ІІ орын-6- сыныптар
ІІІ орын-8- сыныптар
9-11- сынып ата- аналар аралығында
Бас жүлде-11- сыныптар
І орын-10- сыныптар
ІІ орын-9- сыныптар
Бұл өткен сайыс ата-аналарға да, ұстаздар мен оқушыларға ерекше тың серпіліс беріп, Абай әлеміне шомып қайтты. Осындай тамаша шығармашылық кештер сөзссіз жалғасын табатыны анық.

«Абай – ұлы даланың ойшылы» атты лицейдің 1- 11 сынып ата-аналары қатысқан шығармашылық байқау өткізілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив