Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали  Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті
20
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ лицей кітапханасында
16 сәуір күні Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті. Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат беру, өлең мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға баулу. Өз ойын жинақтап айтуға баулу. Мұқағали жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларын постер жасап қорғап, өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ  «Даланың дара ұстазы»
16
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Даланың дара ұстазы»
14.04 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсариннің 180 жасқа толуына байланысты лицей кітапханасында «Даланың дара ұстазы» атты тәлімі мол қалалық кітапханалық танымдық сабақ өткізілді. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы бойынша оқушылар мен кітапханашыларға тапсырма беріліп, шығармалары талданып, тәрбиелік мәні ашылып, өлеңдері оқылды. Іс- шара соңында қорытынды жасалып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат тапсырылды. Танымдық сабақты № 44
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ «Оқуға құштар мектеп»
07
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ «Оқуға құштар мектеп»
Кішкентай оқырмандарымызды көркем шығармалар оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашы мен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 02.04 күні 2 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ертегім» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Оқушыларға алдын ала ертегі кітаптар таратылып, сол ертегілерді оқу арқылы ой өрістерін кеңейту мақсатында сурет салуға, қол өнері арқылы іс істеуге, эссе жазуға тапсырма берілді. Кітапханада оқыған
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
05
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
5 "б" сыныбы "Оқырман отбасы" бейнеролигін ұсына отырып, барлық лицей оқушылары мен ата-аналарын кітап оқуға шақырады. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Сынып жетекшісі: Мухажанова Мадина
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    Ата – аналар, сіздер үшін!
05
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Ата – аналар, сіздер үшін!
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханасындағы бірнеше топтама бойынша шыққан, балалар әдебиеттерімен ана-аналар таныстырылды. Ата-ана – баланың өміріндегі ең басты ұстаз. Әрбір ата-ана өз перзентінің сауатты, білімді болып өсуін қалайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу ата-ананың парызы. Ата-аналарды балалармен бірге кітап оқуға шақырдық.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 "б" сыныбының оқушылары барлық оқушыларды кітап оқуға шақырады.
01
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ "Оқуға құштар мектеп"
Кітап рухани байлығымыз. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ». Сынып жетекшісі: Мухажанова М.А.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ  «Оқуға құштар мектеп»
29
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасына 6«Г» сынып оқушылары да белсене қатысып ,үш тілде шығармаларды оқыды. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақын Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 6"Г" сынып оқушылары баршаңызды кітап оқуға шақырады. Сынып жетекшісі: Серикбаева Г.К
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   «Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы
29
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Тәуелсіздіктің болашағы –
18 ақпан күні «Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы бойынша 10-сынып оқушыларына арналған кітапқа шолу өткізілді. 30 кітаптың ішінде сіздердің оқып, таныс болуға арналған Омарова М. «Көмбе нанның дәмі» драмалық шығарма, Жармағамбетов Т. «Отамалы» шығармасы, Рамазан Д. «Пешене» сахналық қойылымға арналған шығармасы ұсынылды. Осы ұсынылған кітаптар бойынша 26 наурыз күні «Сұрақ - жауап» викториналық ойыны ұйымдастырылды. Аталған шығармаларды толық оқып, бірінші орынды
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру
26
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру – қазақтың ерте заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан ата дәстүрі, танымы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Бұл жан-дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі - қазақ халқының ата салты екені белгілі. 25 наурыз күні, ZOOM платформасы арқылы 8-сыныптары мен лицейіміздің ардагер ұстаздары арасында онлайн
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    «Кітап сенімді серігің» тақырыбында 1- сынып оқушыларын  кітапханамен таныстыру ұйымдастырылды.
25
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Кітап сенімді серігің»
18.03.2021ж «Кітап сенімді серігің» тақырыбында 1- сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге кітапхана ережесі таныстырылып, әрқайсысына оқырман формуляры ашылып, кітапханаға тіркелді. Сонымен қоса кітап көрмелері таныстырылды. Оқушылармен әртүрлі ойындар ойнап, мақал –мәтелдер айтудан, өлең оқудан және жұмбақтар шешуден сайыс ұйымдастырылып, белсенді оқушыларға сыйлықтар табысталды.