24
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Кітап – адам жанының айнасы» атты кітапханалық кітап көрме ұйымдастырылды
23 - сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапхана тарапынан «Кітап – адам жанының айнасы» атты кітапханалық кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмені «Кітапханадағы таңғы кофемен» аштық. Атаулы шараның қызықты әрі тартымды өтуіне лицейіміздің оқу ісінің меңгерушілері, мұғалімдер, оқушылар белсенділік танытты. Таңғы кофе іше отырып, оқыған кітаптары жайлы әңгіме өрбітіп, оқуға ұсынылатын қызықты кітаптар аталды. Көрме кітаптармен қатар «Кітап –тарих, шежіре!» атты буклеттер қойылды. Бұл буклеттерде дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні қай жылы, қалай бекітілгені жайлы жазылып, қызықты кітап тарихы туралы ақпарат берілді. Осы аталған ақпараттың негізінде 10 – сыныптардан тест алынып, кітап тарихы туралы білімдері тексерілді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пән мұғалімдері тарапынан Шығыс Қазақстан облысының жазушылары туралы «Шығыс шынарларын танып білейік» тақырыбында танымдық сабақтар өткізіліп, олардың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Бітіруші түлектер лицей кітапханасына кітаптар сыйлады.