Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша лицейімізде әртүрлі бағытта  жұмыс атқарылуда.
25
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
Сондай шаралардің бірі биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізді кітап оқуға тарту мақсатында 1А сынып оқушыларының дайындаған «Менің кітап бұрышым» атты фотосурет көрмесі.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   «Наурыз мейрамы» құтты болсын!
19
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Наурыз мейрамы» құтты
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі – «Наурыз мейрамы» құтты болсын! Назарларыңызға «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3-сыныптар арасында лицей кітапханашысы Омарханова Б.Ж ұйымдастыруымен өткізілген «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбындағы шарадан үзіндіні ұсынамыз.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ    «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында 5 «А» сыныбы арнайы жоспар бойынша жұмыс атқаруда.
19
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
19 наурызда жоспарға сәйкес «Кітап – білім бұлағы» отбасымен кітап оқу Тоқтарханова М., Советбеков А., Кадес Ж. атты оқушылардың отбасы мүшелері белсене қатысты. Ата-аналар балаларымен бірігіп кітап оқып, кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыруға атсалысты. Оның ішінде ертегілер оқу, қазақ классиктерін оқу және би-шешендердің шығармашылығымен танысу сияқты көріністері орын алды. Кітаптар оқушылардың өз еріктерімен таңдалды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ  Оқуға құштар сыныппыз
15
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Оқуға құштар сыныппыз
Балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін лицей кітапханашыларымен көптеген жұмыс атқарылуда.Соның бірі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ең көп оқитын,кітапханаға жиі келетін «Оқуға құштар сынып» анықталды. 3 «Г» оқушылары үлгілі, кітап оқығанды жақсы көреді. Сынып жетекшісі Ағыбаева Бақыт Абузарқызы.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   «Кітапханаға кітап сыйла»
15
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Кітапханаға кітап сыйла»
«Кітапханаға кітап сыйла» Маңызды шараға алғашқылардың бірі болып үлесін қосқан 5»Г» сынып оқушылары өздерінің оқыған қызықты кітаптарын достары,бауыр-қарындастары оқысын деп лицей кітапханасына сыйға тартты. Бұл ізгілікті іс жарасымды жалғасын табуда.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
10
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
«Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы Оралхан Бөкей атындағы лицей кітапханасында жалғасын табуда.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ  3 наурыз- Дүниежүзілік дауыстап оқу күні
03
март
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 3 наурыз- Дүниежүзілік
3 наурыз- Дүниежүзілік дауыстап оқу күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 "Б" сынып оқушыларымен лицей кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтің «Жекпе-жек» повесін дауыстап оқу ұйымдастырылды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   Үздік оқырман бенефисі
22
февраль
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Үздік оқырман бенефисі
19 ақпан күні 4б сыныбында оқырман бенефисі болып өтті. Оқырман бенефисі – жеке бір оқырманның құрметіне жасалған кешенді іс-шара. " Үздік оқырман" атағына ие болған бүгінгі шарамыздың кейіпкері сыныптас достары Айзере Қанарбек Бақытқызына арналды. «Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы – кітап болуы тиіс» деп М.Әуезов айтқандай, кітапты өзіне серік еткен Айзере кітапханадан 38 кітап алып оқыпты. «Үздік оқырман» болу үшін кітапханадан кітап алып оқу,кітапхана ережелерін сақтай отырып
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ  «Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы бойынша оқушыларға  арналған  кітапқа шолу
22
февраль
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Тәуелсіздіктің болашағы –
«Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы бойынша 10 сынып оқушыларына арналған кітапқа шолу өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы басталды. Акцияның мақсаты: • Оқушылардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау. • Көркем шығармаларды оқуға, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тарту. Акция 5 бөлімнен тұрады: Поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аудармалар. Осы 30 кітаптың ішінде
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ   «Оқуға құштар мектеп»
16
февраль
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Оқуға құштар мектеп»
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында мектеп кітапханаларын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастады. Ақпараттық-кітапхана кешені «Президент ұсынған 30 кітап» әлем және қазақ әдебиеті,публистика,ғылыми-танымдық,рухани жаңғыру кітаптарын оқуды ұсынамыз.Ұсынылған әдебиеттерді Ақпараттық-кітапхана кешені қорынан ала аласыздар. Таңдап алынған 30 кітаптың бірі- Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» поэмасы.