19
февраль
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ әскери патроиоттық қозғалысының құрылуы атты тақырыпта іс-шара өткізілді
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Жас сарбаз» оқушыларымен әскери патроиоттық қозғалысының құрылуы атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Бұл шараға ШҚО қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қарулы күштері ардагерлерімен жұмыс жасау қызметінің бастығы-Қалиев Бауыржан Аскаровичпен арнайы кездесу өткізілді. «Жас сарбаз» оқушыларына маңызды ақпараттармен ой бөлісіп, көкейінде жүрген оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында ата-ана тарапынан Адильмуратова Рита Адильмуратовна келген қонақтарға, оқушыларға тілегін, рақметін айтып, жылы лебізін білдірді.