20
февраль
2020
«Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптар арасында қалалық әскери-спорттық жарыстары болып өтті.
18.02.2020 ж. лицейімізде Өскемен қаласы «Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптар арасында Кеңестер Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған қалалық әскери-спорттық жарыстары болып өтті.
Аталған жарысқа №4, 5, 9, 24, 27,29, 35, 42, Ахмер орта мектебі және №44 лицей командалары және Өскемен қалалық білім беру бөлімінің әдіскері В.А. Храмцов, Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник М.Д.Садыков, Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының штаб бастығы подполковник А.Ж.Ергалимов, Өскемен қалалық маслихатының депутаты, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары О.Г.Фролов қатысты. Жарыста саптық дайындық, эстафета және күштік жаттығулар бойынша сайыстар болды.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық І орынды Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі, ІІ орынды №42 орта мектебі, ІІІ орынды №4 орта мектебі командалары иеленді. Лицеіміздің «Жас сарбаз» командасын жеңістерімен құттықтаймыз!