16
январь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне виртуалды саяхат
15 қаңтар күні лицейімізде 11-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне виртуалды саяхат жасалып,кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің ректоры, пррфессор,Өскемен қаласының мәслихат депутаты Төлеген Мұхтар Әділбекұлы мамандықты дұрыс таңдай білу-болашақтың жарқын кепілі екенін,сондықтан мамандық таңдауда қателеспеуге шақырып, аталмыш оқу орны бойынша құнды мәліметтер бере отырып, оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Мұхтар Әділбекұлына және университеттің Маркетинг бөлімінің жетекшісі Болатова Жанель Болатовнаға алғысымыз шексіз.