Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Критериалды бағалауды жүзеге асыруда модерацияның ролі» коучинг
23
ноябрь
2019

«Критериалды бағалауды жүзеге асыруда модерацияның ролі» коучинг



«Критериалды бағалауды жүзеге асыруда модерацияның ролі»
тақырыбындағы коучингтің рефлексивті есебі.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ІІ деңгей курсының сертификатталған
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мухаметрахимова Р.Ж

«Критериалды бағалауды жүзеге асыруда модерацияның ролі» тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсатым: мұғалімдерді модерация үдерісімен таныстыру. Коучингті бастамас бұрын ең алдымен «М.Жумабаев идеялары» бейнебаянын көрсеттім. Осы бейнебаяннан қандай ой түйдік? деген сұрақ қойдым. Әріптестерім бейнебаяндағы берілген идеялармен бөлісті. Содан кейін ортаға 3 әріптес мұғалімді шақырдым. Өмірде қандай зат жоғалтқандарын айтады. Бұл жерде үш мұғалім өздеріне берілген рөлдерін сомдайды. Сонда мұғалімдердің сабақ үрдісіндегі мінез-қылықтары шығады. Авторитарлы- бұйрықпен, талаппен, айқайға үйреніп кеткен мұғалім. Либералды- сабақ жоспарлары бар, қағаздарының барлығы түгел, бірақ сабақты талпынып беруге тырыспайды. Гуманды- ізгілік әдіспен тыңдататын мұғалім. Бала қандай сол күйінде қабылдай білетін мұғалім. Мұғалімдерге модерация ұғымына қысқаша ұғым беріп өттім. Модерация-бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.
Модерация:
1. Бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.
2.Бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді.
3.Олар белгілі пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалау талқылайды. Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез-келген пән мұғалімі болуы мүмкін. Модерацияны тиімді өткізу үшін жасалатын жағдайлар:
1.Ынтымақтастық мәдениеті
2.Ашық және айқын қарым-қатынас
3.Тиімді кері байланыс
4.Кәсіби қолдау
Келесі бөлім практикалық бөлімде қатысушыларға география пәні бойынша ТЖБ ретінде жаңартылған бағдарлама бойынша тест сұрақтары берілді. Жұмыстар кодталды. Орындалған жұмыстар тексеріліп, комиссия мүшелеріне тапсырылды. Комиссия мүшелері модерациядан өткізіп, 3 мұғалімнің (А;В;С деңгейдегі) жұмысын суырып алды. Хаттама толтырылды. Рефлексия бөлімі: қатысушы мұғалімдер «SWOT» әдісі арқылы рефлексия толтырып , модерацияның тиімді жақтарымен бірге кездесетін кедергілер туралы ой бөлісті. Нәтижесінде модерация хаттамасын толтыруда, модерация үдерісіне кімдер қатысатынына түсініктерін қалыптастырды.Мұғалімдер модерация хаттама үдерісін талқылап тәжірибе алмасты.
Жеткен нәтижем: Қатысушы мұғалімдер модерация үдерісімен танысып, модерация туралы пікір ойларын дамытты.


Похожие публикации:

14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
05 февраль 2018 Әдістемелік кеңес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив