Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2018

Әдістемелік кеңес

«Өскемен қаласы әкімдігінің Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

әдістемелік кеңесі



1. Лицейдің оқу-әдістемелік жұмысын жалпы басқаруды әдістемелік кеңес жүзеге асырады. Лицейдің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау директордың тәжірибе-эксперимент жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
2. Әдістемелік комиссияның құрамына директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, Лицей психологі, жоғары санатты пән мұғалімдері және арнайы келісім бойынша ғылыми жетекшілер кіреді. Әдістемелік кеңестің құрамы Лицей директорының бұйрығымен бекітіледі.
3. Лицейдегі оқу-әдістемелік қызметі төмендегі пән кафедралары бойынша жүзеге асады:
1) Бастауыш сыныптар пәндері кафедрасы.
2) Математика, физика және информатика пәндері кафедрасы.
3) Жаратылыстану пәндері кафедрасы: дүниетану, жаратылыстану, география, биология, химия.
4) Гуматиралық пәндері кафедрасы: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, өзін-өзі тану пәндері.
5) «Өнер», «технология», «дене шынықтыру» пәндері кафедрасы: музыка, еңбекке баулу, технология, сызу, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндері.
Пәндік кафедралар өз қызметін Лицей директорының бекіткен нұсқауы бойынша жүргізеді. Кафедра меңгерушілері Лицей директорының бұйрығымен бір оқу жылына тағайындалады.
5. Әдістемелік кеңестің атқаратын қызметі:
1) оқу үрдісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету сапасының мониторингісін ұйымдастыруды;
2) Лицейдегі оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді және жетілдіруді;
3) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жалпылау мен таратуды;
4) сапа менеджментінің жүйесін дамыту және оқу үрдісіне әдістемелік зерттемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар дайындауды;
5) Лицейдегі әдістемелік жұмысты үйлестіруді;
6) Лицей қолданысындағы технологияларды, әдістерді, оқыту құралдарын жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
7) оқытушылардың оқу-әдістемелік кафедраларының шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыруды;
8) педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіруді;
9) білім беруді дамыту мәселелері және оны жүзеге асыруда басым бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасауды;
10) Лицейдің қызметкерлерін аттестаттауға қатысуға;
11) жеке пәндер бойынша жұмыс, оқу бағдарламаларын талқылау мен мақұлдауды;
12) Лицейдегі оқу үрдісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады;
13) Лицейдегі әдістемелік қамтамасыз ету мәселеріне тиісті нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын талқылау мен енгізуді;
14) оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге және педагог қызметкерлерге тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың түрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарастыруды;
15) пәндік кафедралардың жылдық жоспарын келісу мен бекітуді;
16) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады.
6. Лицейдегі Камқорлық кеңесі жалпы жиналыста Лицейдегі құрылтайшылардың және Лицейдегі білім алушыларының ата-аналарының бастамасы бойынша құрылады.
7. Қамқорлық кеңесінің құрамына:
1) Лицейдің директоры;
2) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;
3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
4) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
5) демеушілер кіруі мүмкін.
8. Қамқорлық кеңесі жүзеге асырады:
1) оның Жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға, тәрбиелеу және оқыту саласында халықаралық әріптестікті орнатуға әрі дамытуға ықпал етуді;
2) Лицейдің білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында Лицейдің оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасауды;
3) қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етуді;
4) әлеуметтік-мәдениет, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге ықпал етуді;
5) әлеуметтік әлсіз тұрғындар қатарынан шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуға және жұмысқа орналастыруға ықпал етуді жүзеге асырады.

Похожие публикации:

05 февраль 2018 Мекен жайымыз
27 октябрь 2017 лицей тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив