Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2019

«Тілге құрмет – елге құрмет»

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай «Тілге құрмет — елге құрмет» атты шығармашылық айлықтың шеңберінде ашық сабақтар өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты: тіл — ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге, ұлттар арасындағы достықты нығайтуға тәрбиелей отырып, көптілді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Айлықты Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану бірлестігі ашты. Осыған орай айлық жоспарына сәйкес 26.09.2019ж. қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Мейрамбаева С. С. 5-"В« сыныбында қазақ тілі пәнінен „Әшекей бұйымдар“ тақырыбында ашық сабақ өткізсе, 27.09.2019ж. қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Шуленова Қ.Б. 10-"М« сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен „Абайдың 17 қарасөзі“ тақырыбында ашық сабақ берді. Ал қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Сағиева Г.Қ. мен тарих пәнінің мұғалімі Тюменбаева А.К. 9-"М1« сыныбында „Құтты білік“ дастаны, „Мінсіз басқару Ислам дәуіріндегі түркі халықтарының жүйесі“ тақырыбында тарих және әдебиет пәндерінен кіріктірілген сабақ өткізді. 30.09.2019ж. тарих пәнінің мұғалімі Халыкова Ж.С. 6-"Г« сыныбында тарих пәнінен „Атлах шайқасы“ тақырыбында ашық сабақ берді.
Аталған сабақтар әдістемелік жағынан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдерді сабақ мақсатына сай таңдай білген. Сабаққа қатысқан мұғалімдер мен лицей әкімшілігі тарапынан сабақ талданып, кері байланыс жасалды.
5-"В« сыныбы, „Әшекей бұйымдар“, пән мұғалімі Мейрамбаева С. С.
10-"М« сыныбы, „Абайдың 17 қарасөзі“, пән мұғалімі Шуленова Қ.Б.
9-"М1« сыныбы, кіріктірілген сабақ, пән мұғалімдері Сағиева Г.Қ., Тюменбаева А.К.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив