22
ноябрь
2021
Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ
9-"А" сынып оқушысы Болатов Бексұлтан Елдосұлы-біздің лицейіміздің ең үздік мақтаныштарының бірі. Еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Бексұлтан өзінің білімімен, тәрбиесімен ғана ерекшеленбейді, спорттағы үлкен жетістіктерімен де көшбасында тұр. Оның дәлелі 2021 жылы осы еркін күрестен Бексұлтан Өскемен қаласында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалалық ашық турнирден 1-орын иеленіп, облыстық турнирге жолдама алады. Қасым Қайсенов кентінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық чемпионаттан Бексұлтан тағы да 1- орынды иеленіп, республикалық турнирге жол тартқан болатын. Павлодар қаласында өткен Әлім және Қайым Шәкіровтерді еске алуға арналған республикалық чемпионатта Бексұлтан жүлделі 1-орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының Чемпионатына өтті. Спорттағы әйгілі спортсмендер қол жеткізе бермейтін мемлекет деңгейіндегі бұл чемпионатта Бексұлтан тағы да оза шауып, Шымкент қаласында Шығыс Қазақстанның мәртебесін асқақтатып, жүлделі 3-орынды иеленді. Бексұлтанды үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
