Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Абай-дара, Абай-дана» қалалық конкурсының қорытындысы
21
ноябрь
2020

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Абай-дара, Абай-дана» қалалық конкурсының қорытындысы

Халқымыздың маңдайына біткен ұлы перзенті, дана ақыны, ғұлама ойшыл философы, сазгер, көсемсөз шебері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Абай мұрасын насихаттау мақсатында, мән-маңызы мен қадір-қасиетін ұғынуға, мол мұрасынан тәлім-тәрбие алуға бағытталған мұндай атаулы іс-шаралардың кейінгі ұрпақ үшін берер тағылымы мол. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы 30 мамыр 2019 жылғы Жарлығы негізінде қалалық білім беру бөлімінің басшылығымен, білім беру орындарында өткен «Абай-дана, Абай-дара» қалалық конкурсы ұйымдастырылған болатын. Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, шәкірттердің өз халқына, тарихына деген шынайы, патриоттық сезімдерін ұялату мақсатында жүргізілген осындай мағыналы конкурсқа біздің Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей ұжымы да белсене қатысты.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде:
Видеоролик бойынша-І орын, Видеовернисаж бойынша- І орын, Буклет бойынша-ІІ орын, Мектеп сайты бойынша-ІІ орын, «Абайтану» кабинеті бойынша-ІІ орынды иелендік. Сондай-ақ конкурстың нәтижесінде сыйлыққа қысқа толқынды пеш, постер, сағат, блендер берілді.
Ұлы ойшыл Абайдың идеяларын насихаттаған осы конкурста үлкен бастама көтерген лицей директоры Садыкова Н.А., оқу ісінің меңгерушілері мен тәрбие ісінің меңгерушісіне,барлық мұғалімдер мен ата-аналарға, оқушыларға үлкен алғыс білдіреміз.
«Абай шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде,қазақтың біртуар перзенті»,- деп Президентіміз Қ.Тоқаев айтқандай, Абай мұрасы- өшпес мұра.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен болатын. Абай шын мәнінде қазақ болмысының айнасы,қазақтың біртуар азаматы. Абай мұрасы ешқашан өшпейді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив