Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Лицейішілік олимпиада қорытындысы
26
ноябрь
2020

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Лицейішілік олимпиада қорытындысы

«Білімді ұрпақ-ұлт болашағы. Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» -деп ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өз сөзінде келешек ұрпақтың сапалы білім алуына жүйелі түрде көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Осы орайда, келешек ұрпаққа сапалы білім беру заман талабына айналды. Сапалы білім көрсеткіштерінің бірі пәндік олимпиада болып табылады. Осы негізде Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде 20-21 қараша күндері гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы негізгі пәндер бойынша 8-11сынып оқушылары арасында лицейішілік пәндік олимпиада болды. Олимпиада оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, қалалық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Олимпиадаға 165 оқушы қатысып, Google Диск платформасында өткізілді. Олимпиада сағат 15.00-де басталып 17.00-де аяқталды. Қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндері бойынша екі кезеңнен, қалған негізгі пәндер бойынша бір кезеңнен жүргізілді. Тапсырмалар алдын ала кафедра отырыстарында талқыланып, жинақталып, лицей директорымен бекітілді. Олимпиада барысында орын алған кемшіліктер болған жоқ. Олимпиададағы білім додасы оңай емес. Ол жарысқа «жүзден жүйрік» шыққандар ғана қатысады. Қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпараттар тасқынынан, өзіне қажетті білім нәрін іріктеп ала алатын, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор, өзінше намысы бар оқушылар ғана жүлделі орынға ие бола алады.
Олимпиада қорытындысы бойынша олимпиада жұмыстары мұқият тексеріліп, 123 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді.
Оқушылардың білімін сарапқа салып, жүлделі І,ІІ орындарға ие болған 83 оқушы олимпиаданың қалалық кезеңінің тізіміне енгізілді.
Лицейіміздің білімді ұстаздар ұжымы қалалық олимпиадаға өз оқушыларын үлкен дайындықпен жібергелі отыр. Лицейіміздің білімді оқушыларына сәттілік тілей отырып, өз жетістіктерімен бізді қуантады деген үлкен сенімдеміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив