9-сынып оқушылары Д. Серікбаев атындағы жоғары ІТ колледжі
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Кәсіптік бағдар, 9-сынып оқушыларына мамандықтар және колледждер таңдауға мүмкіндік жасау мақсатында оқушылар Д. Серікбаев атындағы жоғары ІТ колледжі ұйымдастырған “Ашық есік күніне” барды. Колледж студенттері акт залында өздері оқитын мамандықтар туралы таныстырды. Одан кейін студенттер және мамандар колледжге экскурсия жасатып, аралатты. Оқушылар музейге, кітапханаға, құрылыс саласы және ІТ салалары бойынша бөлмелерге кіріп, керекті ақпараттар алды.