Кітаппен келген көктем
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ Көктемгі демалыс – өзіңе жаңа әсер сыйлайтын, тамаша кітаптармен танысуға мүмкіндік беретін ерекше уақыт. Көктемгі демалыста кітап оқу – оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты, уақытты тиімді өткізудің бір жолы. Демалыс күндері 6 «д» сынып оқушылары көркем әдебиет оқып, ертегілер мен танымдық кітаптар арқылы ой-өрісін кеңейтті. Кітап оқу оқушылардың сөздік қорын молайтып, қиялын дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырды. #ҚРОқуАғартуМинистрлігі;