30
март
2026
«Кітап оқитын ұлт» жобасы: МИФ кафедрасының сәтті қадамы! 📚✅ Лицей педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған «Кітап оқитын педаг
Ұстаздарымыз ұсынылған әдебиеттер тізімінен келесідей құнды туындыларды тереңдей зерттеді:
📖 «Өзбекәлі және мәдени майдан» – Санжар Керімбай. (Физика пәні мұғалімдері үшін рухани жаңғыру көзі)
📖 «Дайағашшы» – Ұларбек Нұрғалымұлы. (Математика пәні мұғалімдеріне ұлттық мұраны ұғындыру)
📖 «Алаңсыз өмір сүру құпиялары» – Дейл Карнеги. (Информатика пәні мұғалімдеріне тұлғалық өсу бағытындағы құрал)
Аталған кітаптар ой-өрісімізді кеңейтіп, педагогикалық шеберлігімізді шыңдауға, өмірге жаңа көзқараспен қарауға үлкен мүмкіндік берді. Жоба барысында алған әсеріміз өте мол.
🎨 Поэтикалық тарту:
Кафедра отырысында оқылған кітаптарды талқылап, өз әсерлерімізбен бөліскеннен кейін, игі дәстүрді жалғастыру мақсатында осы кітаптарды мектеп кітапханасына салтанатты түрде сыйға тарттық. Бұл – оқушыларымыз бен әріптестеріміздің де кітапқа деген қызығушылығын арттыруға қосқан азғантай үлесіміз.
Білімді педагог – білімді ұрпақтың кепілі! Кітап оқуды өмірлік әдетке айналдырайық! 💡✨