10
март
2026
Биыл біздің лицейде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі өзгеше форматта – «Бала бақыты – Ана жүрегінде» атты танымдық-мерекелік форум түрінде атап
“Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі” КММ
🎤 Пікір алаңы: Бала бақыты: Талап пен Мейірім теңдігі
Форум аясында «Бала бақыты – талап пен мейірімнің тепе-теңдігі» атты еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Онда түрлі буын өкілдері бала тәрбиесі төңірегінде ой қозғады:
🌱 Жас маман – қазіргі тәрбиенің заманауи трендтерімен бөлісті;
📚 Тәжірибелі ұстаз – білім мен тәрбиедегі алтын көпір жайлы айтты;
🧠 Педагог-психолог – бала мен ана арасындағы эмоционалды байланыстың маңызын ашты;
👩👧👦 Көпбалалы ана – мейірім мен жауапкершілікті ұштастырудың сырын шертті.
❤️ Жүрекке жол тартқан сәттер
Іс-шара барысындағы «Айтылмаған тілек» және «Ана алақаны» атты психологиялық жаттығулар ешкімді бей-жай қалдырмады. 🥺
Балалар аналарына деген ең асыл тілектерін жеткізді.
Аналар өз перзенттерінің жүрекжарды хаттарын оқып, көздеріне жас алып, ерекше тебіреніске бөленді.
🎭 Форум соңы лицейіміздің өнерпаз оқушылары дайындаған әсем әнмен, күмбірлеген күймен және мың бұралған бимен – мерекелік концертке ұласты. 🎶💃
🤝 Мерекелік кешке ШҚО білім басқармасының, Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері және қала мектептерінің директорлары сияқты арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Қонақтар шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұстаздар мен аналарға өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. 💐
Ананың алақаны – баланың бесігі. Әлемнің жарығы, шуағы – Аналарымыз аман болсын! 🌍❤️