Құрманов Ернар Жанатұлының қатысуымен «Жаман әдеттен аулақ болайық!»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 2023 жылдың 11 қазан күні Өскемен қаласы медицина колледжінің анатомия-физиология пәні мұғалімі, жалпы медицина саласының дәрігері Құрманов Ернар Жанатұлының қатысуымен «Жаман әдеттен аулақ болайық!» тақырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына жиналыс өтті. Жиналыста: Есірткі затын қолдану мен адам ағзасына зияны, нашақорлық және токсикомания ұғымдары, ішімдіктің жас ағзаға әсері, электронды темекі мен темекінің зияны тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізді.