13
октябрь
2023
12.10.2023ж күні сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес лицейімізде «Біз біргеміз!» тақырыбында сынып жетекшілер отырысы болып өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
12.10.2023ж күні сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес лицейімізде «Біз біргеміз!» тақырыбында сынып жетекшілер отырысы болып өтті. Коучинг түрінде өткен отырыстың басты мақсаты: оқушылар арасында кездесетін буллингтің себептерін анықтау, жою және болдырмау жолдарын қарастыру.
Коучинг үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушы сынып жетекшілер алты топқа топтастырылды. Топ мүшелері қысқаша сауалнамаға жауап берді. Сауалнама қорытындысы шығарылып, «Буллинг деген не?», «Оның қандай түрлері болады?», «Буллинг қай уақытта орын алуы мүмкін?» деген сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін айтты.
Екінші бөлімде «Буллингтің бар-жоғын анықтау жолдары» тақырыбында сынып жетекшілерге кеңес беріліп, жұмыс түрлері ұсынылды.
Үшінші бөлім тәжірибелік кезең болды. Бұл бөлімде топтық жұмыстар жүргізілді. Топ мүшелері өздеріне берілген тақырыптар бойынша постер қорғады. «Отбасында сенімге құрылған мейірімділік ортасын қалыптастыру жолдары», «Буллинг жағдайында мәселені шешудегі әрекет түрлері», «Жаңадан келген оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері» сияқты тақырыптар қозғалды.
Отырыс соңында «Жеміс ағашына» әр топ өз пікірлері жазылған жемістерін ұсыну арқылы кері байланыс жасады.
Қ.Құйқалақова
К.Бекишова
М.Князбаева
М.Мананова
Г.Тоқтарбекова