12
октябрь
2023
Құрманов Ернар Жанатұлының қатысуымен «Жаман әдеттен аулақ болайық!» тақырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына жиналыс өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2023 жылдың 11 қазан күні Өскемен қаласы медицина колледжінің анатомия-физиология пәні мұғалімі, жалпы медицина саласының дәрігері Құрманов Ернар Жанатұлының қатысуымен «Жаман әдеттен аулақ болайық!» тақырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына жиналыс өтті. Жиналыста: Есірткі затын қолдану мен адам ағзасына зияны, нашақорлық және токсикомания ұғымдары, ішімдіктің жас ағзаға әсері, электронды темекі мен темекінің зияны тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізді. Оқушылар тақырып аясында көптеген сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Жас ұрпақтың ағзасын да, санасын да улайтын зиянды заттардан аулақ болуын ата-ана және лицей ұжымы болып бірге қадағалайық! Лицей оқушыларын салауатты өмір салтын қалыптастыруға, шұғылдануға шақырамыз!
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Құйқалақова Қ.Ә.