29
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ «Зерде» ғылыми жоба қорғау сайысының лицейішілік кезеңі
Көктемгі демалыс уақытында 1-7 сыныптар аралығында «Зерде» ғылыми жоба қорғау сайысының лицейішілік кезеңі ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа жалпы білім беретін негізгі пәндер бойынша 23 оқушы тапсырыс берген болатын. Олар: қазақ тілі әдебиеті , орыс тілі мен орыс әдебиеті, биология, химия бағыты, медицина, психология, математика, информатика бағыты; валеология, экология бағыты; тарих, өлкетану, этномәдениет, физика, техника бағыттары. «Зерде» ғылыми жоба қорғау сайысына қатысушылар құрылған кесте бойынша уақытында өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғады. Барлық жұмыстар әділқазылар алқасы тарапынан тыңдалып, талқыланды. Әділқазылар алқасы алдын ала құрылған критерийлерге сүйене отырып, талапқа сай, тақырыбы мен жаңалығы өзекті жобаларға жүлделі орындар беріліп, мадақтамалар тапсырылды.