Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 “Г” сыныбында “Бала тәрбиесі баршамызға ортақ” атты ашық ата-аналар жиналысы өтті
12
ноябрь
2023

5 “Г” сыныбында “Бала тәрбиесі баршамызға ортақ” атты ашық ата-аналар жиналысы өтті

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
5 “Г” сыныбында “Бала тәрбиесі баршамызға ортақ” атты ашық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа лицей директоры, лицей әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты. Жиналыс дөңгелек үстел түрінде өтті. Жиналысты лицей директоры бастап берді. Сынып жетекшісі әсем әуен ырғағымен ата-аналарға қызықты психологиялық ахуал туғызумен жиналысын жалғастырды. Әр ата-ана сағат тілімен басқалар білмейтін өнерін айтып өткен соң, сынып жетекшісінің адамға ең құнды не деген сұраққа өз ойларын айтты. Сынып жетекшісі ата-аналардың ең құнды бала деген ойларын жалғастыра келе жиналыстың тақырыбын ашты. Келесі кезекте 1-тоқсан бойында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Оқушының бір күні атты психологиялық жағдаятты айта отыра, ата-анамен талқылап, әр ата-ананың пікірін тыңдады. Сондай-ақ жиналыста лицей психологы балалармен жұмыс қорытындысын айтып, ата-аналарға ақыл-кеңесін берді. Келесі кезекте тәрбие ісінің меңгерушісі Құйқалақова Қ.Ә ата-аналарға қысқаша тәрбие жүйесі жайлы ақпараттар бере отыра, ата-аналарға тәрбиенің маңыздылығын жеткізді. Сынып жетекшісі өз кезегінде ата-аналарға тағылым ретінде бейнеролик көрсетіп өтті. Лицей директоры ата-аналарға кітаптан оқыған тәрбиелік мәні зор бір әңгімені қысқаша баяндап, ата-аналардың жүрегіне терең бір ой салды. Жиналыс соңында сынып жетекшісі пән мұғалімдерінің әрбір ата-анаға жазған хаттарын таратып берді. Ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке сөйлесіп әркім өз баласы жайлы мәліметтер алды. Жиналыс мағыналы да, мәнді және қызықты өтті.
Сынып жетекшісі: Туменбаева А.Н
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив