12
ноябрь
2023
09.11.2023 ж. «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты тақырыпта 7-«В» сыныбының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
09.11.2023 ж. «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты тақырыпта 7-«В» сыныбының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс басталмас бұрын жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жақсы сөз – жарым ырыс» тренингі ұйымдастырылып, ата-аналар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Жиналыстың барысында күн тәртібінде қойылған мәселердің барлығы толық қамтылды. Оқушылардың сабақ үлгерімі және тәртібі бойынша І тоқсан қорытындысы, сабақ және сабақтан тыс уақытта оқушы қауіпсіздігі, бала қауіпсіздігіне лицей тарапынан жасалған жағдайлар қаралды. Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Анаға хат» әдісі қолданылды. Бұл әдісте оқушылар өз ата-аналарына деген ыстық ықыласын, өздерінің алғысын хат арқылы жеткізді. Сондай-ақ «Бақытты бала бейнесі» әдісі қолданылып, ата-аналар ақ қағаздан өз балаларының бейнесін жасап, сол бейнеге балаларына арналған ақ тілектерін жазды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында «Отбасы – бақыт бесігі. Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты ұрпақ тәрбиелеу» атты тақырыпқа қатысты бейнематериал көрсетіліп, ата-аналар өзара пікір алмасты.
Сынып жетекшісі: Өмірбекова А.Қ.