21
апрель
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік сабағы»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
17.04.25 күні лицейімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өткізілді. Бұл тағылымды шараға ҚР Қорғаныс күштерінің ардагері, запастағы подполковник, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызметінің инспекторы Кәсенов Дәулетхан Әділханұлы мен
ШҚО билер алқасының төрағасы, Өскемен қалалық ГСВГ ардагерлері ұйымының төрағасы Нұразхан Ертіс Ыбырайымұлы келді.
Кездесуге 5–11 сынып оқушылары қатысып, қонақтарымыздың өнегелі өмір жолынан, Отан алдындағы қызметтерінен, әскери борыш пен азаматтық жауапкершілік жайлы тағылымды әңгіме тыңдады.
Іс-шара барысында оқушылар қонақтарымызға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, елдік пен ерліктің маңызын ұғынып, патриоттық рухты бойларына сіңіре түсті. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін тәрбиелеуге үлкен септігін тигізері анық.
Ел қорғаған ерлеріміздің ерлігі — мәңгі жадымызда!
Ұлы Жеңіске тағзым — ұрпақ парызы!