06
февраль
2023
2023 жылдың 3 ақпанында лицейімізде КСРО әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған қала мектептерінің арасында «Ерлік сағаты»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Лицейімізге Өскемен қаласы «Ауған соғысы ардагерлері бірлестігінің» төрағасы Фролов О.Г, Өскемен қаласы «СДИ ардагерлер ұйымының» төрайымы Сергиенко Любовь Спридоновна, «Айбын әскери- патриоттық бірлестігінің АӘжТД» оқытушы-ұйымдастырушылары мен тәрбиеленушілері қонақ болып келіп, №6,24,26,42,44,45,46,47,48 мектеп оқушылары Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батырлар жөнінде ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында патриоттық тақырыпта әндер шырқалып, көріністер көрсетілді.
Бұл кездесудің басты мақсаты: оқушыларды бейбіт күннің қадірін білуге, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу болатын. Бүгінгі кездесу арқылы оқушылар өздері білмейтін мәліметтермен, Ауған соғысы туралы толық ақпараттармен танысты.
1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан билігінің өтінішінен кейін КСРО әскерлері Ауғанстан жеріне кірген. Осы соғыс 1979 жылдан 1989 жылға дейін жалғасты. 10 жылға жуық уақытқа созылған соғыс нәтижесінде қаншама бала жетім, қаншама әйел жесір қалып, ата-аналар көзінен жас ақты.
Міне, осы Ауған соғысы, ондағы ерлікпен қаза тапқан сарбаздар ерлігі туралы толығырақ білу үшін осы кездесу ұйымдастырылды.
Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздарымыз есімізде мәңгілікке сақталады!