03
декабрь
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 02 желтоқсан күні әлемнің 31 елін аралаған, әйгілі бүркітші қыз – Айшолпан Нұрғайыпқызы бізде қонақта болды.
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ
Лицей директоры Жаныл Кайырбековна өзі тосып алып, құрмет көрсетті.
Бала күнінен құсбегіліктің қыр-сырын үйреніп өскен Айшолпан отбасы, туған жері туралы сыр шертті.
Тәжірибелі бүркітшілердің айтуынша, ұзақ жаттығулар мен қажырлы еңбектің арқасында құс пен аңшы бір-бірін ерекше түсінеді екен.
Ересек құсты қолға үйрету мүмкін емес, сондықтан бүркітті балапан күнінде ұясынан алып кету керек дейді. 13 жасында 18 метр қияға түсіп қалай ұядан бүркіттің балапанын алғанын баяндап берді.
Оқушылар сұрақтар қойды. Құсбегі қыз Айшолпанмен тәрбиелік мәні бар жақсы бір кездесу, сұхбат болды деп ойлаймыз.
Тәрбие ісінің меңгерушілері Мухажанова М.А.,Книязбаева М.Б.
Кітапханашылар Омарханова Б.Ж,
Ыкыбаева А.С.