Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қала мектептерінің сынып жетекшілеріне арналған «Бала бақыты баршаға ортақ» тақырыбында семинар-практикумы өтті.
06
декабрь
2023

Қала мектептерінің сынып жетекшілеріне арналған «Бала бақыты баршаға ортақ» тақырыбында семинар-практикумы өтті.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Биылғы 2023-2024 оқу жылында барлық білім беру ұйымдары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс атқарып жатыр. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Осы мақсатта, 2023 жылдың 5 желтоқсан күні Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде қала мектептерінің сынып жетекшілеріне арналған «Бала бақыты баршаға ортақ» тақырыбында семинар-практикумы өтті. Семинардың басты мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асуы, қала мектептерінің сынып жетекшілеріне іс-тәжірбие тарату, озық әдіс-тәсілдермен жұмыс түрлерін көрсету. Семинар барысында жобалар аясында 5 «А» сыныбында «Әдемі адам-әдепті адам» -Князбаева М.Б; 4 «Д» сыныбында «Сырлы әлемге саяхат»-Шакенова Г.С; 3 «Г» сыныбында «Татулық-табыс, бақыт» -Даутбекова Н.А шеберлік сағатын, «Өр Алтай» пікірталас клубы ата-аналармен бірлесе «Бұл палата кибербуллингпен күресудің тиімді жолын ұсынады»-Бақытжанұлы Қ пікірталас; 3 «Б» сыныптың оқушылары мен ата-аналарымен «Салауатты отбасы» отбасылық спорттық сайыс; «Ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту» психологиялық жаттығуы жоспар бойынша өткізілді. Және де «Ата-аналар академиясы» жобасы негізінде «Әжелер мектебі-өнеге мектебі» бағыты бойынша «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тағу мәдениеті» тақырыбында өнеге сабағы жоғары деңгейде өтілді. Ұйымдастырушылар: тәрбие ісінің меңгерушілері Құйқалақова Қ.Ә; Мухажанова М.А.
Семинарға қатысушылармен «Сәтті рейс жолаушылары» кері байланысы алынып, пікірлесу алаңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға сарапшылар оңды бағасын берді.
#біртұтас_тәрбие
#medetbekovameruert
#центрыпедагогическойподдержки
#даналықмектебі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив