05
ноябрь
2024
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Пәндік білім сапасын көтеру» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңесте:
1.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастырып, жандандыру бойынша Мира Мырзакановна теориялық білімімен,Гульдана Жумабеккызы , Гүлжаз Саматқызы іс – тәжірибелерімен бөлісті
2.2024 – 2025 оқу жылы баса назарға алынып жатқан білім алушылардың жобалау, зерттеу қызметін ұйымдастыру жұмыстары бойынша Назерке Ақжолқызы теориялық,Кадрбек Кабдылмуликович,Бақытжанұлы Қуаныш, Бақытгүл Антаевна, Раушан Газизовна іс – тәжірибемен бөлісті.
3. Лицей педагогтарының кәсіби сайыстарға қатысуы да назардан тыс қалмады.
4. Сонымен қоса ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің шығармашылық күндер есебі тыңдалды.
Лицей педагогтарына әдістемелік кеңесте көтерілген мәселер бойынша жұмысты жалғастыру және жасалған жұмыстарды лицей әлеуметтік желілерінде жариялау ұсынылды
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жаныбекова Г Б