31
октябрь
2022
Лицей мұғалімдері тоқсанның қорытындысын жасады.
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі" КММ
31.10.2022ж. 1-тоқсан аяқталып, оқушыларды күзгі демалысқа шығарып тастаса да мұғалім жұмысы тоқтамайды. Лицей мұғалімдері тоқсанның қорытындысын жасап, тоқсан бойынша нәтижені әр әдістемелік кафедра өз ашық отырысында талдап, келесі тоқсанның мақсат-міндеттерін талқылайды. Осы мақсатта қазақ тілі, тарих пәні әдістемелік кафедрасы биылғы оқу жылындағы алғашқы отырыстарын өткізді. Күн тәртібінде 3 негізгі мәселе талданды. Олар: 1-тоқсанның қорытындысы, дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесі, мұғалімдердің кәсіби іс-тәжірибе жұмысын талдау. 1-мәселе бойынша кафедра жетекшісі Қ.Б.Шуленова толық талдау жасады. Тоқсан көлеміндегі кемшіліктер мен жетістіктер қорытындыланды. 2-мәселе бойынша қазақ тілі, тарих пәндері бойынша дарынды оқушылардың жетістік мониторингісі жасалынып, келесі тоқсанда жетістік нәтижелерін арттыруға мақсат-міндеттер қойылды. Келесі мәселеде біліктілік арттыру курсынан білім көтеріп келген тарих пәні мұғалімі Ж.А.Ахауова мен қазақ тілі пәні мұғалімі Қ.Б.Шуленовалар өз тәжірибелерін бөлісіп, білім берудегі соңғы жаңалықтарды ортаға салды. Отырыс соңында технология пәні мұғалімі Б.А.Молдашева, орыс тілі мұғалімі З.Ж.Қалижарова, математика пәні мұғалімі Қ.Б.Рахымжановалар жарыссөз жүргізіп, жиналыс қорытындысы жасалды.