Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2020

Мың бұралған бишілер

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің «Черлидинг» құрама командасының жетістіктері
Мың бұралған бишілер

Черлидинг - спорттық би. Черлидинг үйірмесімен айналысатын оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгішітік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі.
«Черлидинг және спорттық мажореттер-2020» черлидинг спорттық би жарысы Өскемен қаласының 8-ші ашық біріншілігі 29-ші ақпан күні өткізілді. Черлидинг спорттық би жарысына №15 мектеп, ДТШ, ДПК, № 19 мектеп, №38 гимназия, IT лицейі, №12 мектеп, №26 мектпе, №46 мектеп, №17 мектеп, №10 мектеп, клуб Дайманс, №1 мектеп, № 10 мектеп, №46 мектпе, №47 мектеп, №37 мектеп, №12 мектеп, №11 мектеп, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі қатысты.
Жалпы жарыс 2 топқа бөлініп өткізілді. 1- топта 37 команда өздерінің спорттық билерін көрсетті. 2- топта 27 команда өздерінің билерін көрсетті.
Черлидинг спорттық би жарысына Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей
2 номинация бойынша қатысты: «Чир» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 1- орынды иеленді және «Пом Данс соло кадетки» номинациясы бойынша Атенова Мейірім 5г сынып оқушысы қатыстып 2- орын иеленді.
Чир – ерекше бидің бір түрі. Бұл биге тек қыздар ғана қатысады. Бидің негізгі элементтері бағдарламада: пирамида құру, акробатикалық жаттығулар, топтық стант, жұптық стант, чир – секіру түрлері, бірнеше лекке тұру әдістері және хореографиясы.
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінен «Чир» номинациясы бойынша 19 оқушы қатысты. Олар: Серикханова Алуа, Курумбаева Зарина, Айымханова Айару, Айымханова Айгерим, Аширбекова Жансая, Айтбекова Диана, Қабдылқасынова Аружан, Арманқызы Махаббат, Баймолда Айжаным, Құмарбекова Аяужан, Русланқызы Тұмар, Ерланова Жасмин, Акшабаева Дильназ, Какенова Айана, Болатова Маржан, Мырзахан Ақбота Камитханова Жаная, Құмарқан Ұлпан, Маутова Алина.
Сонымен қатар оқушылардың ата-аналары черлидинг биіне өз тараптарынан киімдерін тауып біркелкі киіндірді. Барлық оқушыларда қызыл футболка, қара юбка, гетры, қара кроссовканы ата-аналары қамтамасыз етті. Жарысқа барып ата-аналары жанкүйер болып қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады.


Жаттықтырушысы: Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Мухажанова М.А.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив