Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп денсаулықты нығайтуға үлесін қосады» жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар
10
сентябрь
2019

«Мектеп денсаулықты нығайтуға үлесін қосады» жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар

«Мектеп денсаулықты нығайтуға үлесін қосады» жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар
Лицей шығысымыздың жарық жұлдызы, жазушы Оралхан Бөкей атында.
Дана халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп бекерт айтпаған. Қашан да бала денсаулығын басты назарда ұстайтын біздің лицейіміз асхана жұмысына зор мән береді. Оның дәлелі – биылғы оқу жылында біздің асханамыз күрделі жөндеуден өтті.
Кең сарайдай жарқыраған асханаға кірсеңіз, бірден тәбетіңіз ашылып, көңіліңіз жайланады. Асханамызда дұрыс тамақтану тәртібін сақтау үшін, бірыңғай кешенді ас мәзірі дайындалып, бір мезетте 200 оқушы тамақтана алады. Тамағы дәмді әрі тойымды.
Адам ағзасының 65 пайызы судан тұратыны бәрімізге мәлім. Су-тіршіліктің қайнар көзі демекші, Лицейіміздің барлық қабаттарында су ішетін бұрқақтар жұмыс істеп тұр.
Осы жобаның арқасында оқушылардың денсаулықтары үнемі лицей дәрігерінің назарында. Оқушылар медициналық бақылаудан өтіп, дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп тұрады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған уақытында кітап оқу кейінге қалып барады дейді. Бірақ біздің лицейіміз «Кітап – білім бұлағы» деген ұстанымды негізге алады. Оның дәлелі – әдеби кітаптарға, газет-журналдарға бай кітапханамыз.
Кітапханамызда салауатты өмір салтын насихаттайтын кітаптар қоры жеткілікті. Соның бірі – лицейдің дене шынықтыру мұғалімдері шығарған «Спорт - -денсаулық кепілі» атты кітап. Бұл кітапта лицейіміздің спортшы оқушыларының жетістіктері мен дене шынықтыруға, денсаулықты күту, дұрыс ұстауға байланысты нұсқаулық пен әдістемелік көмек берілген.
Сабақ кезінде денсаулыққа пайдалы сергіту сәттері өтеді.
Ботагөз: Лицейіміздің спорт саласында жеткен жетістіктерін мына стендтен көре аласыздар. Лицейімізде Белсенді өмір – 100 жастық ғұмыр атты денсаулық фестивалі өтіп тұрады. Бұл фестивальда оқушыларға арналған көптеген спорттық сайыстар, нақтылайтын болсақ: жүгіру эстафетасы, волейбол, футбол, мылтық ату, ұзындыққа секіру, арқан тарту секілді түрлі спорттық шаралар өткізіледі.
Міне, біздің лицейімізде денсаулықты барынша күтуге, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстауға зор мән беріледі.
«Мектеп денсаулықты нығайтуға үлесін қосады» жобасын ары қарай жалғастырамыз. Бұл жобаның өскелең ұрпақ үшін пайдасы зор деп білеміз.

Похожие публикации:

14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
14 январь 2019 Сабақ жоспары
03 январь 2019 Сабақ жоспары
27 октябрь 2017 лицей тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив